Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

2020 жылдың 30 қазан 2020 17:10

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 18 283-ке жетті, бұл - пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Жалпы инфекцияға шалдыққандар саны 1 599 976-ға артты, деп хабарлады жұма күні коронавируспен күрес жедел штабы. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Штаб мәліметінше, өсім 1,2%-ды құраған.

Шешенстан мен Дағыстан Республикалары (0,5%-дан), Мәскеу облысы, Чуваш Республикасы мен Татарстан Республикасында (0,6%-дан) өсу қарқыны төмендеген.

Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны: Мәскеуде – 5 268, Мәскеу облысы – 524, Архангельск облысы – 325, Ростов облысы – 310, Воронеж облысында – 296.

Жазылып шыққандар саны тәулігіне 14 519 адамға дейін артты, жалпы инфекциядан 1 200 560 науқас жазылып шыққан. Штабы мәліметі бойынша, сауығып шыққандар саны жалпы жұқтырғандардың 75%-ын құрайды.

Тәулік ішінде коронавирустан 355 адам қайтыс болды, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 366 болған еді. Жалпы инфекциядан 27 656 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта РФ-да 371 760 адам ем алып жатыр.


Жоғары қарай