Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресей және Қырғызстан шекарасында ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды

2020 жылдың 13 наурыз 2020 18:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз шекарасында ішкі құжатпен өтуге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шектеу COVID-2019 коронавирусының таралуына байланысты қолға алынған.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (жеке куәлік, туу туралы куәлік), Ресей Федерациясы азаматтары үшін (РФ азаматының паспорты), Қырғыз Республикасы азаматтары үшін (ID карта) ішкі құжаттардың қолданылуын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.


Басты сөздер: Қырғызстан, Ресей, ҚР СІМ,
Жоғары қарай