Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ресей шетелден келетіндер үшін екі апталық карантинді алып тастады

2020 жылдың 14 шілде 2020 04:19

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғау қызметінің басшысы Анна Попова қол қойған жаңа қаулыға сәйкес, енді Ресейге келетін азаматтар коронавирусқа байланысты екі апталық карантинге оқшауландырылмайтын болады. ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған сәйкес, шетел азаматтары шекарада өзінде коронавирустың жоқтығын растайтын анықтама ұсынуы тиіс.

«Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына кіру барысында санитарлық-карантиндік бақылауды іске асыратын лауазымды тұлғаларды РФ-ға келерден кем дегенде үш күн бұрын ПТР-әдісімен жасалған COVID-19-ға лабораториялық зерттеудің теріс нәтижесін растайтын медициналық құжатты (орыс және ағылшын тілдерінде жазылған), сондай-ақ G (lgG) иммуноглобулин антиденесі анықталғанын (анықталған жағдайда) растайтын медициналық құжатты көрсетуі тиіс», - делінген құжатта.

Егер мұндай анықтамалар болмаса, онда үш күнтізбелік күн ішінде Ресей аумағында коронавиусқа анализ тапсыруы қажет.

Қаулы 15 шілде күні күшіне енеді.




Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Ресей, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай