Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресей азаматшасы ҚР Азаматтық заңнамасын бұзған

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 17:04

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Шарбақты автобекетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өту кезінде Ресей азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел адам ​ 2020 жылғы сәуірде Ресей азаматтығын қабылдаған, соған байланысты ол Қазақстан азаматтығынан айырылған. Бұл туралы белгіленген уақытта құзыретті органдарды хабардар етпеген.

Осы ​ іс-әрекеті ​үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудандық соттың шешімі бойынша ол Қазақстан Республикасынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды.


Жоғары қарай