Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Референдум өткізуге 16,4 млрд теңге бөлінді – Ерұлан Жамаубаев

2022 жылдың 12 мамыр 2022 11:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Айта кетейік, өткен аптада Орталық референдум комиссиясы белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.



Жоғары қарай