Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Реал Мадрид» клубы карантинге жабылды, Ла Лига тоқтады

2020 жылдың 12 наурыз 2020 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Реал Мадрид» клубы баскетбол командасының бір мүшесінен COVID-19 вирусы табылуына байланысты клуб түгелдей карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Баскетбол және футбол командалары «Реал Мадрид» спорт қалашығының бір ғимаратында орналасқандықтан, қос команданың барлық мүшесі ойыншылармен қоса карантинге жабылды» делінген хабарламада.

Клубтың бүкіл қызметкері карантинге жіберіледі.

Футболдан Испания чемпионаты – Ла Лига тоқтатылды. Лига Twitter аккаунты ресми мәлімдеме жасады.

Келесі 28-тур ойындары қашан өтетіні әзірге белгісіз.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920