Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

РБК Банк ісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген күдікті Ресейден ұсталды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - РБК Банк ісі бойынша іздеудегі азамат Мәскеу облысынан ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеу облысында агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті іздестіріп жатқан В.Власов ұсталды.

Оған қатысты «Банк РБК» АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Власов 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болатын.

Қазіргі уақытта оны Мәскеу облысының ішкі істер органдары қамауға алды. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешіліпм жатыр.


Жоғары қарай