Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Рәміздер күні: Елордалық жастар «Отан қорғаушы» монументіне гүл шоқтарын қойды

2020 жылдың 4 маусым 2020 12:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік рәміздер мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты автошеру барысында елордалықтар «Отан қорғаушы» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабанбай даңғылы бойында орналасқан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер» алаңынан басталған автошеруге қатысушылар Қабанбай, Тұран, Ұлы дала, Мәңгілік ел, Тәуелсіздік көшелері арқылы 28 шақырым жол жүріп, «Отан қорғаушы» алаңына келіп тоқтады. Осы жерде елордалық жастар Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай монументке 75 тал гүл шоғын қойды. Майдангерлердің құрметіне тағзым етті.










«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин мемлекеттік рәміздер күніне орай елордалық жастардың мұндай шеру өткізуі дәстүрге айналғандығын айтады.

Енді шерушілер Есіл өзеніне барып, сол жерде суда жүзу құралдарымен 28 шақырымды еліміздің көк туын желбіретіп өтетін болады.











Жоғары қарай