Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

QAZAQ AIR ұшағы елорда әуежайына 2 рет қайтып оралуға мәжбүр болды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 15:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QAZAQ AIR әуе компаниясы елордадан Жезқазған қаласына ұшып шыққан ұшағындағы ақаудың неден болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қыркүйекте QAZAQ AIR әуе компаниясының елордадан Жезқазғанға ұшып шыққан ұшағы қайтып оралды. Бұндай келеңсіздік екі рет орын алған. Компьютер шассидің жабылмай қалғанын көрсеткендіктен ұшақтың оралуына тура келді. Байғұс жолаушылар», - деп жазған еді «Время» газетінің тілшісі Михаил Козачков Telegram парақшасында.

Осыған орай QAZAQ AIR әуе компаниясы аталған ұшаққа қатысты келеңсіз оқиға 11 және 12 қыркүйек күндері орын алғандығын хабарлады.

«11 қыркүйекте ұшақ ұшып шыққаннан кейін экипажға шассидің сол жақтағы негізгі тірегінің қақпасы жабылмай қалғаны туралы индикация көрінген. Эпипаж чек-парақшаға және жазылған процедураларға сәйкес әрекет етіп, ұшып шыққан әуежайына оралды. Инженерлік-авиациялық қызмет аталған оқиғаның себебін анықтау үшін кешенді шаралар жүргізді. Содан кейін ұшақ одан ары пайдалануға жіберілді. Бірақ, ұшақ ұшып шыққаннан кейін дәл сол оқиға қайталанып, экипаж қауіпсіздік процедураларына сәйкес ұшып шыққан әуежайға қайтып келді. Бірінші және екінші оқиға кезінде де апаттық жағдай жарияланған жоқ. Ұшақтың қонуы штаттық режимде жүргізілді және жолаушылардың ішінен медициналық көмекке жүгінгендер болмады», - деп атап өтеді компаниядан.

Осыдан кейін инженерлік-авиациялық қызмет әуе кемесін жасаушы нұсқаулығына сәйкес жұмыстарды жүргізген. Ұшақтан ешқандай ақау табылмағандықтан стандартты процедураларға сәйкес қайта ұшырылған.

«12 қыркүйекте дәл осы ақау Нұр-Сұлтан қаласы әуежайынан ұшып шыққан кезде пайда болды. Экипаж чек-парақшаға сәйкес әрекет етіп, ұшып шыққан әуежайға оралды. Қону штаттық режимде жүрді, апатты жағдай жарияланған жоқ. Медициналық көмекке жолаушылардан ешкім жүгінбеді. Инженерлік-авиациялық қызмет ақау себебін тыңғылықты іздеп, нәтижесінде соленоидпен жүйелі басқару қақпақшасы ауыстырылды. Әуе кемесіне техникалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін 13 қыркүйек күні әуе кемесі әуежай ауданында жолаушысыз ұшып өтті. Тестілік ұшу сәтті болғаннан кейін әуе кемесі одан ары пайдалануға жіберілді» делінген компания ақпаратында.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Көлік, Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай