Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғызстан азаматы депортацияланды

2021 жылдың 29 мамыр 2021 14:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Түркия, Грузия, Қытай, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 31 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өткен тәулікте 3 999 авиажолаушы келді. Оның ішінде:


Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 1 918 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 205 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 262 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 349 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 115 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 28 мамырында Ош–Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген азамат Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
Басты сөздер: Қырғызстан, Көлік,
Жоғары қарай