Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ПТР анықтамасыз ұшып келген 57 жолаушы бір аптаға карантинге жатқызылды

2020 жылдың 30 қазан 2020 15:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов Қазақстанға ұшып келген жолаушыларға қатысты мәліметті бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 30 қазанында түн ортасына ауғанда 9 халықаралық әуе рейсімен 1 167 жолаушы, оның ішінде 1 110 жолаушы анықтамамен және Қазақстанның 57 азаматы анықтамасыз ұшып келді. Нұр-Сұлтанға 2 рейспен ұшып келген 212 жолаушының 189-ы анықтамамен, 23-і анықтамасыз, Алматыға 6 рейспен келген 921 жолаушының 887-сі анықтамамен, 34-і анықтамасыз жетті», - деді Садуақас Байғабылов.

Оның атап өтуінше, Грузиядан Ақтауға 1 рейспен ұшып келген 34 жолаушының барлығында да анықтама болған.

Ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына ПТР анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтарының барлығы 7 күнге карантиндік стацонарға орналастырылды.

Жолаушылар Түркия, БАӘ, Мысыр, Беларусь және Грузиядан халықаралық әуе рейстерімен ұшып келген.

Айта кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, Қазақстанға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланады.


Жоғары қарай