Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Прокуратура сайлау күнінде бірқатар заң бұзу әрекеттерін анықтады

2019 жылдың 10 маусым 2019 15:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Зәуреш Баймолдина ҚР Президентін сайлау күнінде прокуратура органдары қандай заңбұзушылықтарды анықтағанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокуратура әкімшілік құқықбұзшылық белгілерінің бар екендігін анықтаған материалдарға жеке тоқталып өтейін. Олардың жалпы саны 19 болды. Істің басым бөлігі (12) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің азаматтарға өзге тұлғаның атынан дауыс беру үшін бюллетеньдерді беруіне қатысты. 6 материал сайлаушылардың бірдей сайлау құқығы талаптарын бұзуымен байланысты болды. Яғни, бұл жағдайда олар өзге сайлаушылардң орнына дауыс бермек болды», - деді Зәуреш Баймолдина Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, іс жүзінде барлық деректерде сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясының мүшесінен өзінің отбасы мүшелері үшін дауыс беруге мүмкіншілік жасауын өтінген.

«Бұл әсіресе ауылдық жерлерде барынша өзекті болды. Жұбайы, балалары үшін дауыс беру көптеген ауыл тұрғындары үшін сайлау заңнамасын бұзушылық болып есептелінбейді. 1 материал сайлауалды үгіт жүргізу ережесін бұзумен байланысты болды. Аталған бұзушылықтардың 40 пайыздан астамы, нақты айтқанда 8-і Түркістан облысына тиесілі. Алматы мен Атырау облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екіден іс тіркелді. Бұл істер құзіретті органдардың қарауында жатыр. Біз олардан тиісті ақпараттарды сұраймыз», - деді ҚР ОСК мүшесі.

Жоғары қарай