Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Прогресс МС-12» ғарыш кемесі Тынық мұхитына батырылады

2019 жылдың 29 қараша 2019 18:40

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 31 шілдесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған және осы уақытқа дейін орбитада тұрған «Прогресс МС-12» ғарыш кемесі өз қызметін аяқтайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін 29 қараша күні ресейлік ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) шығарылады. Кеменің қозғалтқыштарын тежеуішке қосқаннан кейін ғарыш кемесі атмосфераға еніп, жартылай күйіп кетеді. «Прогресс МС-12»-нің жанбаған сынықтары Тынық мұхитының кеме жүрмейтін бөлігіне батырылады, деп хабарлады «Роскосмос» баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ХҒС-да жаңа ғарыш кемесін қабылдауға дайындық жүруде. «Прогресс МС-13» ғарыш кемесі Байқоңырдан 2019 жылдың 6 желтоқсанында ұшырылады.

Жоғары қарай