Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президенттің қатысуымен Душанбеде өтетін іс-шаралар тікелей эфирден көрсетіледі

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 11:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің қатысуымен Душанбе қаласында өтетін іс-шаралар «Хабар 24» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және ҰҚШҰ мен ШЫҰ құрамындағы елдер басшыларының отырысына қатысады.

Президенттің баспасөз қызметі Душанбе қаласында өтетін іс-шараларды «Хабар 24» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетуді ұйымдастырды.

Басталуы: Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағ.11:30», деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.



Жоғары қарай