Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Президенттің итбалықтың мәселесін қозғағаны қоғамдағы жайттарға бей-жай қарамайтындығын көрсетті – ғалым

2020 жылдың 11 шілде 2020 17:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралған мәселелерге қатысты отандық танымал ғалым, заңгер Халида Әжіжұлова ҚазАқпарат тілшісімен ой бөлісті.

«Кешегі отырыста президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қозғаған мәселелерінің ішінде ерекше әсер қалдырғаны жан-жануарларға деген қарым-қатынас пен оларды қорғау керектігін баса айтқаны. Бұл расымен біздің қоғам үшін түйіткілді мәселе. Себебі азаматтардың жан-жануарларға деген теріс әрекеттерін әр кезде әлеуметтік желіден көріп жүрміз. Сондай-ақ, балаларға қоршаған ортаны қорғау, оған зиянын тигізбеу туралы ерте жастан айтып, тәрбиелеген жөн. Осы орайда Мемлекет басшысы Білім министрлігіне алдағы оқу жылынан бастап жаңа пән енгізуді тапсырды, бұл да құптарлық іс. Одан бөлек, бастауыш сыныптарда адам және жаһандық құқық деген пәнді жүргізу қажет деген пікірдемін. Өйткені балалар өзінің және өзгенің құқықтарын кішкентайынан біліп өсуі тиіс. Мен осы саланы зерделеп жүрген маман ретінде қажет болса, аталған пәннің бағларламасын әзірлеуге министрлікке қолұшымды созуға дайынмын», - деді Х. Әжіғұлова.

Ғалымның пікірінше, Мемлекет басшысының әлеуметтік, қоғамдық мәселелерден хабардар болып, оны дер кезінде шешуге тапсырма беретіні қуантады.

«Президенттің қоғамда орын алып жатқан түрлі тұрмыстық проблеманы назардан тыс қалдырмай, үлкен жиында қозғағаны ерекше ұнады. Себебі мәселенің үлкен, кішісі болмайды. Бүгін қолға алынбаса, ертең кеш болады. Президенттің итбалықтың мәселесін қозғағаны қоғамдағы жайттарға бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Ендігі іс Үкімет пен тиесілі министрліктерде. Мемлекет басшысының ескертуі мен тапсырмасынан кейін қажетті заңдық нормалар қабылданып, жануарларды жауыздықтан қорғау мәселесі оң шешімін табады деп үміттенемін», - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда орын алған әлеуметтік желіде демалып жатқан адамдар Каспий итбалығына тас лақтырғаны туралы видеоға қатысты өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовке аталған мәселеге қатысты ойлану керектігін айтты.



Жоғары қарай