Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президенттің ең қажетті анықтамаларды цифрлы түрде растау тапсырмасы орындалды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 19:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің ең қажетті анықтамаларды цифрлы түрде растау тапсырмасы орындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарындағы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Жыл соңына дейін ең қажетті анықтамалардың қағаз түрінде талап етілуін тоқтатып (47-ден 30-ы), мәліметті цифрлы түрде растау тәсілін қамтамасыз етуді тапсырамын... Мемлекеттік органдар жеке куәлікті, дипломды, жүргізуші куәлігін электронды түрде қабылдауға тиіс», - деген болатын.

Ал Берік Уәлидің атап өтуінше, қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасында төмендегі құжаттардың цифрлық нұсқасы қолжетімді:

- Жеке куәлік;

- Жүргізуші куәлігі;

- Туу туралы куәлік;

- Неке қию туралы куәлік;

- Аты-жөнін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік;

- Неке бұзу туралы куәлік;

- Электронды техникалық төлқұжат;

- ПТР талдамасының нәтижелері;

- Студент билеті;

- Білім аланы туралы диплом.

«Цифрлық құжаттар қағаз түріндегі түпнұсқасының электронды нұсқасы QR-код бойынша жасалады», - деді Президент баспасөз хатшысы.





Жоғары қарай