Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Президенттік қолдау: Жамбыл облысында коммуналдық қызметтер тарифі төмендеді

2020 жылдың 22 сәуір 2020 08:25

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында төтенше жағдайлар кезінде коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 23 наурызында коронавирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралардың жағдайы туралы жиналысында берген тапсырмасын орындау мақсатында, Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне халық үшін келесі коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілген. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қордай ауданының тұрғындары үшін «Қордай-Су» КМК-ы сумен жабдықтау қызметіне тарифті 1м3 үшін 57,23 теңгеден 54,36 теңгеге дейін қосымша құн салығынсыз (ҚҚС) немесе 5%-ға төмендетті. Ал, Тараз қаласы тұрғындары үшін «Таразэнергоорталық» АҚ-ы жылумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін тариф 1Гкал үшін 3258,49 теңгеден 3103,32 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетілді, есептеу аспаптары барларға 1 Гкал үшін 1497,34 теңгеден 1426,03 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендеді»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, төмендегі көрсеткіштер бойынша да облыс аудандары мен қалаларында бірқатар тарифтердің төмендегенін білуге болады:

- Шу ауданының тұрғындары үшін «Шу-Жылу» КМК-ы жылумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1 Гкал үшін 2672,15 теңгеден 2429,22 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 10%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 1923,64 теңгеден 1748,76 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 10%-ға төмендетті;

- Тараз қаласы тұрғындары үшін «Жамбыл-Жылу» КМК-ы жылумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1 Гкал үшін 3422,88 теңгеден 3259,88 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 2701,24 теңгеден 2572,61 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті;

-Шу ауданының тұрғындары үшін «Теміржолсу-Шу» ЖШС-ы сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3 үшін 25,36 теңгеден 24,15 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, су бұру қызметіне тариф ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 18,61 теңгеден 17,72 теңгеге дейін немесе 5% төмендеді, Тараз қаласының тұрғындары үшін сарқынды суды бұру қызметіне 1 м3 үшін 5,25 теңгеден 5 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті;

- Қаратау қаласы тұрғындары үшін «ИГІЛІК» МКК-ы жылумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1 Гкал үшін 2030,38 теңгеден 1933,69 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 1695,94 теңгеден 1615,18 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, сумен жабдықтау қызметіне есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға тариф 1 Гкал үшін 1695,94 теңгеден 1615,18 теңгеге ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 15,13 теңгеден 14,41 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті;

- Жаңатас қаласы тұрғындары үшін «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ы есептеу аспапсыз жылумен жабдықтау 1 Гкал 2252,77 теңгеден 2140,1 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, есептеу аспаптары бар 1 Гкал үшін 1068,58 теңгеден 1015,2 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, сумен жабдықтау қызметіне 1 м3 үшін 41,75 теңгеден 39,67 теңгеге дейін ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті, сарқынды суды бұру қызметіне 1 м3 үшін 59,09 теңгеден 56,13 теңгеге ҚҚС-сыз немесе 5%-ға төмендетті.

Еске сала кетсек, мемлекет билігі наурыздың басында карантин енгізді. Шектеу шаралары 4 сәуірде алынады деп жоспарланған болатын, алайда, карантин шаралары әлі де жалғасуда.


Жоғары қарай