Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президенттік кадр резерві: 30 қыркүйекте тіркеу аяқталады

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне қатысушыларды тіркеу аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Құжаттарды қабылдау 1 қыркүйекте онлайн режимде pkrezerv.gov.kz платформасында басталған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, биыл Президенттік Жастар кадрлық резервіне 50 жас маман іріктеледі. Мұндағы мақсат – жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын және қиыннан қиыстырып, тиімді шешім қабылдаудан қорықпайтын, ең бастысы, қоғам мүддесін басшылыққа алатын жас таланттарды анықтап, мемлекеттік қызметке тарту», - деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, конкурсқа 35 жастан аспаған, жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді кемінде орта деңгейде меңгерген Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Ресми орган мәліметі бойынша, бүгінде резервке мүшеліке өткісі келетін 329 әйел мен 662 ер адамнан 991 өтінім келіп түскен. Әзірге ниет білдірушілердің саны бойынша Нұр-Сұлтан жастары алда тұр – 198 адам. Екінші орында 166 үміткермен Алматы облысы тұрса, алдыңғы үштікті 129 өтініш жолдаған Қостанай облысы түйіндеген.

Жоғары қарай