Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент: Жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі — түбегейлі жаңа институт

2021 жылдың 1 шілде 2021 20:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Қасым Жомарт Тоқаев жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа органына – кеңеске жүктелетін міндеттерге арнайы тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Кеңес – бұл түбегейлі жаңа институт. Ол шешім қабылдау және бақылау сияқты нақты ықпал ету тетіктеріне ие болуы тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органына кейбір жергілікті салықтар бойынша бекітілген мөлшерлеме аясының шегінде түзету енгізу құқығын беру маңызды жаңалық болмақ. Бұл ретте дәл осы кеңес ауылдағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты шешім қабылдайды. Яғни, бизнес өкілдерін тарту үшін фискальді кірістің барынша көп болғаны қажет пе әлде салықтың мейлінше төмен болғаны керек пе оны кеңес өзі айқындайды. Аталған құжатты дайындау және кең ауқымда талқылау үшін жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, жалпы оны қолдау керек деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкіметке Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітуге енгізу тапсырылды.


Жоғары қарай