Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент жастар саясаты саласына ерекше назар аударуда - Аида Балаева

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 12:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің бүгінгі сессиясында сөйлеген сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Мемлекет басшысы Парламенттің VII шақырылымының бірінші сессиясын ашу барысында азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясатын жандандыру, онлайн-петицияны заңнамалық бекіту сияқты мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарына кезекті рет тоқталып өтті. Бұл бағыттардағы жұмыстың сапалы іске асуы – бірінші кезекте елімізде демократия принцптерінің жүйелі дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аталған салалардағы жұмыстың заңнамалық тетіктерін реттеу бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, біздің Министрлік қоғамдық бақылау жөніндегі Тұжырымдама мен Заң жобасын әзірледі. Заңнамалық база – азаматтық қоғамның жұмысын ары қарай жандандырып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, Министрлік жанынан 71 адамнан тұратын үлкен Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында Евгений Жовтис, Татьяна Зинович, Акиф Сүлейменов, Рустам Ашигалиев, Зауреш Батталова сияқты басқа да кәсіби құқықтанушылар мен сарапшылар бар», - деп жазды Балаева желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол Президент жастар саясаты саласына да ерекше назар аударғанын атап өтті.

«Атап айтқанда, «Жастардың даму индексі» жүйесін енгізуді және «Жастардың әлеуметтік қызметтері» ұғымын заңмен бекітуді тапсырды. Бүгінгі таңда, біздің Министрлік еліміздің барлық өңіріндегі жастар саясатына қатысты мәселелерді анықтап, оларға жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізуде. Бұл өз кезегінде жастар саясаты саласындағы заңнамалық нормаларды сапалы әрі тиімді әзірлеуге өз септігін тигізетін болады. Бұл орайда, депутаттық корпус пен Министрлік арасындағы өзара байланыс алдағы уақытта да өзара әріптестікте жалғасып, Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді уақытылы әрі толығымен орындауға мүмкіндік береді деп сенемін», - деп толықтырды ол.


Жоғары қарай