Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері орден-медальдармен марапатталды

2020 жылдың 21 маусым 2020 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», - деді Берік Уәли желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Жоғары қарай