Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 13:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнатақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бағыттарының бірі – отандық зейнетақы жүйесі. Аталған жүйенің әділетті, тұрақты, халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет. Біз өте маңызды, бірегей реформаны іске қостық, яғни зейнетақы активтерін ішінара алу мүмкіндігі берілді», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы түрлі тетіктер арқылы азаматтарға өздерінің жинақтарын басқару мүмкіндігін ұсыну керектігін айтты.

«Үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту тұжырымдамасын даярлап жатыр. Оны іске асыру сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Жалпы, әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша Парламенттің жаңа мүшелерінен белсенді жұмысты күтемін», - деді Президент.


Жоғары қарай