Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 410.70
EUR 465.28
RUB 5.80
CNY 58.81

Президент үндеуі тарихи әділет орнатуда зор маңызға ие - ғалым

2020 жылдың 30 мамыр 2020 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тарих ғылымдарының докторы, профессор Георгий Кан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонау 1997 жылдың 31 мамырында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген болатын. Содан бері осы күн Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтілуде. Ал биыл, осынау дата қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап отыр», - деді ол.

Осы орайда ғалым бұл датаның еліміз үшін зор маңызға ие екендігін баса айтты.

«Шынымен де, бұл датаның үлкен маңызы бар екендігін атап өтеміз. Мемлекет басшысы үндеуінде сол бір қасіретке толы жылдардың ішінде қазақстандық әрбір отбасының басына төнген өте ауыр фактіні келтіреді. Саяси қуғын-сүргін салдарынан 100 мың адам зардап шекті және олардың 20 мыңнан астамы атылып кетті. Ұжымдастыру жылдарында 3 миллионға жуық қазақстандық аштықтан қырылды. Біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын естен шығармауға тиіспіз. Оларды еш уақытта жадымыздан да шығармауымыз қажет. Осы орайда Мемлекет басшысының үндеуіндегі мемлекеттік комиссия құру туралы тапсырмасының аса маңызды екендігін атап өткім келеді. Бұл тарихи әділдікті орнату, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жолындағы жұмыстардың аяқталуына сеп болады», - деді Георгий Кан.


Жоғары қарай