Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Президент: Ұлттық қорға балама институттарды құруға рұқсат берілмейді

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 11:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қорға балама болатын қосымша институттарды құруға рұқсат берілмейді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының бастамасымен құрылған Ұлттық қор баламасыз институт болып саналады. Қандай да бір қосымша қорларды құруға жол берілмейді және рұқсат етілмейді. Бұл мақсат Үкімет, Ұлттық қор және жаңадан құрылған агенттік алдында тұр деп ойлаймын», - деді Президент.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Ұлттық қор - ол осындай жалғыз институт екенін қадап айтты.


Жоғары қарай