Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Президент: Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырамын

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 11:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев утильдік алым ставкаларын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауын әкімшілендіруді тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы тиіс», - деді Президент.

Президент бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керегін айтты.


Жоғары қарай