Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Үкімет басшысына ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды

2020 жылдың 23 шілде 2020 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және әлеуметтік-экономикалық даму туралы есебін тыңдады.

«Еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың саны 2,1 пайызға төмендегенін, ауруханалардағы індетке шалдыққан азаматтарға арналған жалпы төсек-орынның 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін көбейгенін, реанимациядағы орындар 12 пайызға, станционардағы төсек-орындар 25 пайызға азайғанын айтты. Сондай-ақ COVID-19 індетінен жазылып шыққандар 63 пайызға артып, жедел-жәрдем шақыртушылар саны 31 пайызға төмендеген», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстан Президентіне барлық өңірлердегі тұрақтандыру қоры қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, ауруханаларды өкпені жасанды желдету және оттегі концентраторларымен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа шектеу шаралары кезінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, жұмыспен қамыту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрге аймақтарды, әсіресе, ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, пандемия кезінде және одан кейінгі уақытта Үкіметтің алдында экономиканың жоспарлы дамуын қамтамасыз етіп, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті тұр. Қазіргі уақытта жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол Мемлекет басшысының алдағы Жолдауының негізгі бөлігін құрайтын болады.


Жоғары қарай