Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Президент тапсырмасы: Үкімет тобы ақтөбелік көпбалалы аналармен кездесті

2019 жылдың 14 наурыз 2019 19:14

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған Үкіметтің жұмыс тобы бүгін көпбалалы, мұқтаж отбасылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарын аралап, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылармен кездескен Үкіметтің жұмыс тобы қазір Ақтөбе облысында жүр. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған топ құрамында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бар.

«Алдағы 2-3 жылда әлеуметтік мәселелерге қосымша 2,3 триллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Біріншіден, ең төменгі табыс деңгейін көтеріп, ең мұқтаж отбасыларға көмек көрсету керек. Екіншіден, білім, денсаулық саласындағы сапаны арттыру және баспанамен қамтамасыз ету қарастырылады. Үшіншіден, өңірлік даму, яғни, жол салып, газ, сумен қамтамасыз ету қажет. Жаңа әлеуметтік бастамаларды бәріміз бірге іске асыруымыз керек. Бұл тек мемлекет тарапынан атқарылатын іс-шаралар емес, қоғамдық ұйымдар мен Nur Otan партиясы, жастар, ақсақалдар, зиялы қауыммен бірге атқарылатын жұмыс», - деді Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова.




null

Жұбановтар әлемі ғимаратында өткен көпбалалы, мұқтаж отбасылармен кездесу кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жәрдемақыны есептеу, жалақы жайын айтып берді. Қазақстанда 1 миллионға жуық бюджет қызметкерінің жалақысы көбейеді. Олар: білім, денсаулық, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері. Қазір Ақтөбе облысы бойынша 30 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатыны белгілі болды.

«Ақтөбеде ашық есік күндері өтті. Барлығы 5 мыңнан астам тұрғын келіп, 6 мыңға жуық сұрақ берді. Көбі тұрғын үй, несие өтеу, мемлекеттік жеңілдік алу мәселесін қойды. Демеушілердің де көмегіне жүгіндік. Барлығы 877 мұқтаж отбасыға 50 миллион теңгеге көмек көрсетілді», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.




null


null


null

Айта кетейік, кездесу кезінде Білім және ғылми министрі Күләш Шәмшидинова үш жылда Ақтөбеде 9 мектеп салынатынын айтып берді.




Описание: https://stat.radar.imgsmail.ru/update?email=alsagin@mail.ru&p=mail&t=clienterror_emptybody&v=1&id=15525675150000000555

Жоғары қарай