Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент тапсырмасы: ШҚО-да жөнделген жолдар сапасына 2 мың рет тексеру жүргізілді

2021 жылдың 18 маусым 2021 16:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жолды сапасыз жөндеген жол қызметтерінің 149 басшысы әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жауапты мамандар облыстық Прокуратура және бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп, жөнделген жолдардың сапасын тексеруде. Атап айтқанда, орташа жөндеуден өткен облыстық маңызы бар көлік жолдарының сапасы қаралуда.

«Шара шеңберінде қолданылатын материалдардың сапасы, жол элементтерінің геометриялық параметрлерінің сақталуы, сондай-ақ жол жүрісін белгілейтін техникалық құралдардың сәйкестігі жіті тексеруден өтуде. Жыл басынан бері Департаменттің жол қадағалау мамандары 2 мыңнан астам тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде шығарылған ұйғарымдар бойынша жол қызметтерінің 149 басшысы әкімшілік жауапқа тартылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшыларының ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен 3 000 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды. Бұдан бөлек, 76 000 шаршы метрден астам таңба салынған.


Жоғары қарай