Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент тапсырмасы: Қазақстандағы оқу орындары тексеріліп жатыр

2021 жылдың 18 сәуір 2021 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының халыққа жолдауында айтылған оқу орындарын тексеру тапсырмасы орындалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүріп жатыр. Бірақ проблеманы шешу керек», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында .

Берік Уәлидің хабарлауынша, 2020 жылы 38 ЖОО-ға профилактикалық тексеру жүргізілген. 14 ЖОО-да жұмысқа орналастыру көрсеткіштері талап етілетін нормативтен төмен болған.

Ал 2021 жылы 42 жоғары оқу орнына алдын ала бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 53 мыңға жуық студент білім алатын 7 ЖОО жабылған. ЖОО оқытушылары жұмыспен қамтылып, студенттер басқа жоғары білім беру мекемелеріне ауыстырылған.

Сонымен бірге, үш оқу орны бас лицензиясынан айырылған.

Олар:

- 35 мыңға жуық студенті бар Аймақтық әлеуметтік-инновация университеті.

- 5 мыңнан астам студенті бар М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы.

- Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ЖОО аталған шешімге шағымданды, қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр).


Жоғары қарай