Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Президент шенеуніктерді жиындардың көбін онлайн форматта өткізуге шақырды

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік аппаратты бюрократсыздандыру ісімен екі бірдей агенттік айналысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында мәлім етті.

«Жиындардың көбін онлайн форматта өткізу керек. Мемлекеттік аппаратты бюрократсыздандырудың осы және өзге де шаралары жеке Жарлықта көрініс табады», -деген Қасым-Жомарт Тоқаев қос бірдей агентіктің функционалына жаңа міндеттер жүктеу керектігін атады.

«Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің функционалдарында мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және бюрократсыздандыру шараларын іске асыру мен мониторингілеудің нақты функцияларын қарастыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пайымынша, Меморгандардың ақпараттық жүйелерін ресми ресурс деп тану керек.

«Формасы бойынша үлгілі, бірақ мазмұны бойынша қатты сұрыпталған құжаттар әзірленіп жатыр. Негізгі интеграциялық жүйелердің бар болғанына қарамастан, меморгандар макулатураны қаптатып, мәнсіз хат алмасуын қояр емес. Мемлекеттік органдардың аталмыш ақпараттық жүйелерін қағазбен дәлелдеуді қажет етпейтін ресми ресурс деп тану керек. Олай болмаса, цифрландыруды не үшін енгізіп жатырмыз?

Цифрландыру сәнді ойыншық емес қой. Ол мемлекеттік аппарат функциясына қолдау тұрғысынан пайдалы болуы қажет», - деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай