Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Президент: Шекаралық аймақтарда логистикалық орталықтар салуды жалғастырамыз

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан тарапы Қытай мен Орталық Азия елдерінің арасындағы шекаралық аймақтарда логистикалық орталықтар салуды жалғастырады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді. Өнеркәсіпте, энергетикада, машина жасауда, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда зәкірлік жобалар іске асырылып жатыр. Біртіндеп сауда кедергілері де алынып келеді, өткізудің заманауи бекеттері ашылып жатыр. Қосымша әуе рейстері мен теміржол маршруттары ашылып жатыр», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстан кедендік шекарада тәртіп орнату бойынша түбегейлі жұмыстарды бастағанын атады.

«Соның ішінде заңсыз схемалар құрып, бизнестің алдына кедергілер тосқан жосықсыз кәсіпкерлермен күресті күшейтеміз. Құқыққа қарсы мұндай әрекеттермен күрес жуық арада нәтиже беретініне сенімдімін. Қазақстанға кіретін импорт пен үшінші елдерге бағытталған тасымалдар ешқандай да зардап шекпейтініне сендіргім келеді. Үкімет пен құқық қорғау органдарына тиісті тапсырмалар бердім. Шекаралық аймақтарда біз көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтары бар инфрақұрылым құруды жалғастыра береміз. Осының бәрі өңірішілік сауданың өсуіне жағымды ықпал етуде», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда.

Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.


Жоғары қарай