Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент сайлау туралы: Партиялар саяси бәсекелестіктің жоғары деңгейін көрсетеді деп сенемін

2020 жылдың 22 қазан 2020 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы парламенттік сайлауға қатысты пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламенттік сайлау датасын жариялау арқылы біз ресми түрде кезекті сайлау цикліне аяқ бастық. Алдағы сайлау Қазақстанда тұрақты демократиялық институттарды дәйекті түрде құруда маңызды кезең болады. Сайлау Конституцияда бекітілген мерзімде өтеді», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы барлық партияларда сайлауға жақсы дайындалу үшін уақыт жеткілікті болғанын атап өтті.

«Барлық партиялар саяси бәсекелестіктің жоғары деңгейін көрсетіп, елдің дамуының өзекті күн тәртібін ұсынады деп сенемін. Бізде бір мақсат – халықтың амандығы мен біздің ортақ шаңырағымыздың гүлденуі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай