Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент министрге ауыр дертке шалдыққан қарағандылық балаға көмектесуді тапсырды

2020 жылдың 24 қараша 2020 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Аңсар Нұржанов есімді бұлшықет дистрофиясымен сыртқаттанған балаға көмектесуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы министр Facebook парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Аңсардың анасының жариялаған жазбасына назар аударды. Мен Әселмен (Аңсардың анасы) телефон арқылы сөйлестім. Баланы емдеудің болжамды нұсқаларын талқыладық. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бүгін Аңсармен кездеседі, оның емделуіне көмектеседі», - деді министр желідегі парақшасында.

Айта кетсек бұған дейін қарағандылық жас баланың анасы көптен көмек сұрап, Іnstagram парақшасында бірнеше рет жазба жариялаған еді.

Жазбаларының бірінде ол тіпті португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға да көмек сұрап жүгінген.

Қарағандылық Аңсар Нұржанов бір кездері денсаулығында ақау жоқ, он екі мүшесі сау бала болған. Алайда кейін өзінен-өзі шалынып құлай беретін жағдайға душар болған. Қауіпті дерт жас баланың бүкіл бұлшықет жұмысына зақым келтірген.


Жоғары қарай