Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент құқық қорғау жүйесін реформалау жайында: Бұл жұмысты өзім тікелей қадағалаймын

2020 жылдың 29 қазан 2020 18:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауда «Атамекен» нақты ұсыныстар беруі қажет. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысқан ҚР Президенті осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттің тапсырмасы бойынша сапалы жаңа реттеушілік жүйе әзірлене бастады. Қолданыстағы барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеуші құралдарға үлкен әрі нақты тексерулер жасалады.

«Біз құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауды бастадық. Реформа жедел, ашық және тиімді болуы тиіс. Бұл жұмысты өзім тікелей қадағалаймын. Мұндай күрделі, жабық жүйелерді, оның ішінде, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып өзгерту қажет. Сондықтан «Атамекеннен» нақты ұсыныстар күтемін. Құқық қорғау органдарының барша қызметкерлері, инспектордан бастап генералға дейін елімізде қолайлы бизнес ахуалды қалыптастыру жұмысының толыққанды қатысушылары екендерін сезінулері тиіс», - деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай