Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы шараларды жариялайды

2020 жылдың 28 маусым 2020 19:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Ертең, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады» деп жазды ол.


Жоғары қарай