Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Президент іске асырған бастамалар негізінде халық пен оның әл-ауқаты жатыр – сарапшы

2021 жылдың 9 маусым 2021 21:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің екі жылы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылғы 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өткен еді.

«Президенттік қызметтегі екі жыл сауда соғыстары мен корона дағдарысынан туындаған әлемдік экономикада ғана емес, ірі оқиғалар толы ел ішінде де қиын болды. Жаһандық саяси және экономикалық дағдарыстар аясында елге реформалар қажет болды, оларды Президент кезең-кезеңімен жүзеге асырды. Барлық іске асырылып жатқан бастамалардың негізінде – халық пен оның әл-ауқаты жатыр. Ел басшылығының өзгеруі саяси бағытты сақтай отырып, басқару стилінің өзгеруін білдірді. Жаңа Президент елді әрі қарай дамыту тәсілдерін өзгертті, қазіргі заманауи жағдайларға сәйкес келетін саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалар қажет болды. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа формаларын құру қажет болды», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттердің үлкен бөлігін халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай – коронавирус пандемиясы, 2019 жылғы маусымдағы Арыс қаласындағы жарылыстар, 2020 жылғы мамырдағы Мақтарал ауданындағы су тасқыны, 2020 жылғы ақпандағы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғалар және 2020 жылғы шілдедегі Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы оқиғалар сияқты ірі дағдарыстар кезінде іске асыру қажет болды.

«Елдегі осы және басқа да көптеген оқиғалар Президенттің жеке қатысуымен шешілді және олар саяси коммуникацияның бар екенін көрсетті және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын көрсетті. Қ. Тоқаев қызметке кіріскен сәттен бастап өзінің сайлауалды бағдарламасында белгіленген саяси бағыттың негізгі қағидаттарын: сабақтастықты, әділдікті және прогресті іске асыра бастады. Сабақтастық Елбасының негізгі бағытын қолдаудан және қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін барлық мемлекеттік бағдарламаларды жалғастырудан көрінеді. Әділдік барлық азаматтардың әлеуметтік, этникалық, діни және басқа да қатыстылығына қарамастан құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуде және барлығына жеке табысқа жету үшін тең мүмкіндіктер жасауда жүзеге асырылады», - дейді И. Рыстина.

Қ. Тоқаевтың жаңа саяси бағытының негізгі тезистері оның Жолдауларында, реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарында және «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көрініс тапты.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде өткен іс-шаралардың қорытындысы бойынша кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар жинақталып, одан әрі жұмыс істеу үшін ҚР Президенті әкімшілігіне берілді, олардың көпшілігі саяси реформалар шеңберінде іске асырылды. Саяси реформаларды жүргізу процесі үш пакеттен тұрады. Бүгінгі таңда саяси реформалардың бірінші пакеті толығымен жүзеге асырылды», - дейді И. Рыстина.


Жоғары қарай