Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Германиядағы Linde Group компаниясының өкілін қабылдады

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Linde Group компаниясының вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Германияның Linde Group компаниясының вице-президентімен өткен кездесуде газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективаларына мән берілді.

Мемлекет басшысы аталған компанияның Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. 2020 жылы Linde Group Теміртау қаласында оттегі, азот және аргон өндіру жөніндегі ТМД бойынша аса ірі жобаның екінші кезеңін іске асырды.

Президентке компанияның Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты жоспары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германиямен арадағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық маңызы бар екенін атап өтіп, Linde Group компаниясын еліміздің газ химиясы бағытындағы жобаларын жүзеге асыруда жан-жақты серіктестік орнатуға шақырып, мемлекет тарапынан шетелдік серіктестерге қолдау көрсетілетінін айтты.




Жоғары қарай