Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент футбол ардагерін «Достық» орденімен марапаттады

2020 жылдың 29 қазан 2020 22:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футбол клубының ардагері Евстафий Пехлеваниди «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Алматылық «Қайраттың» аты аңызға айналған шабуылшысы, бүгінде 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Евстафий Пехлеваниди екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Ол қазақстандық футболдың дамуына және көпшілікке танылуына, сонымен қатар Қазақстан мен Грекия арасында достық қарым-қатынастың қалыптасуына қомақты үлес қосты» деп жазды Мемлекет басшысы.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай