Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент елордадағы волонтерлер фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуда

2020 жылдың 12 ақпан 2020 11:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ресми ашылуына арналған шара басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыты бойынша алаңдары таныстырылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.


Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналатын болады. Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 10 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында волентерлік жұмыстың негізгі бағыттарын атаған болатын.


Жоғары қарай