Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Президент дәріні жоғалтып жатқан алыпсатарларға тықыр таянғандығында сездіртті - Ерлан Рысқали

2020 жылдың 8 шілде 2020 21:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент арандатушылар мен дәріні қолдан жоғалтып жатқан алыпсатарларға тықыр таянғандығында сездіртті. Танымал дәртүрлі әнші Ерлан Рысқали желіде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттің үндеуін көрдік. Ең маңызды дүниелерді қамтыды. «Тап қазір қажетті дәрі-дәрмектің біразын алдырттық, әлі де алдыртамыз» деді. Халықты үрейге бой алдырмауға шақырды. 13 шілде аза тұту күні деді. Және, арандатушылар мен дәріні қолдан жоғалтып жатқан алыпсатарларға тықыр таянғандығында сездіртті», деп жазды Ерлан Рысқали.

Әнші «қажет болып жатса Президенттің айтқанын оқи аласыз» деп желіде үндеудің сілтемесін ұсынды.


Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай