Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Президент: Айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету – маңызды мәселе

2020 жылдың 1 шілде 2020 15:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдау барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті өз сөзінде қазіргі жағдайда ақша-несие саясатын тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, 2030 жылға дейінгі ақша-несие саясатын іске асыру стратегиясын әзірлеу барысында халықаралық нарықтағы іргелі үрдістерді ескеру қажеттігін айтты. Жаңа Стратегия еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қаржы жүйесінің орнықты дамуына тың серпін беруі керек.

Президент айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуді маңызды мәселе ретінде атап өтті.

«Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап айтқым келеді. Квазимемлекеттік компаниялардағы басы артық валютаны ішкі нарыққа сату тәжірибесін жалғастыра беру керек. Ұлттық банк қажет болған жағдайда айырбас бағамын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар қабылдайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.





Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президентіне Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқарма мүшелері екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау бойынша өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің ахуалы және Ұлттық қордың активтері жөнінде есеп берді.





Жоғары қарай