Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент әлеуметтік қолдауға қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 13:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғырту керек. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғырту керек. Мемлекет көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға басымдық беруі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қ. Тоқаев мемлекеттік көмектің атаулы сипатын және оны алу кезіндегі тиісті талаптарды күшейту керектігін айтты.

«Әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс осы маңызды саланың өзекті мәселелеріне кешенді жауап беретін болады», - деді Президент.

Айта кетейік , Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекстің әзірленуіне қатысты пікір айтқан болатын.



Жоғары қарай