Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Премьер-лига: «Астана», «Қайрат» екінші рет жеңіске жетті

2019 жылдың 15 наурыз 2019 21:50

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің алты қаласында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші тур ойындары болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын алғашқы үш ойынның нәтижесі туралы хабарлаған болатынбыз. Олардан кейін тағы да үш кездесу өткізілді.

Алматыда «Қайрат» екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Қарағандының «Шахтерінен» басым түсті. Есеп 2:1. «Қайрат» сапынан Мартон Эппель 28, Вячеслав Швырев 76-минутта гол соқса, оған «Шахтер» ойыншысы Сергей Зенев 81-минутта жалғыз голмен ажуап қайырды.

Елордада «Астана» Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 2:1 есебімен басым түсті. Бұл ойында «Астана» сапынан Ромело Янга 59, Иван Маевский 72-минутта мергендік танытты. «Оқжетпес» ойыншысы Артем Дмитриев 70-минутта гол соқты.

Ел біріншілігінде Қазақстан құрамасының Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңіндегі ойындарына байланысты аздаған үзіліс болады. Ал 30 наурызда үшінші тур ойындары өткізіледі. Бұл күні «Ақтөбе» мен «Қайрат», «Оқжетпес» пен «Ордабасы», «Шахтер» мен «Тобыл», «Жетісу» мен «Астана», «Ертіс» пен «Қайсар», «Тараз» бен «Атырау» кездеседі.

Еске салсақ, бұған дейін, Қостанайдың «Тобылы» тағы да жеңіске жеткені туралы жазған едік.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай