Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Праймериз: Түркістан облысында екі күнде 47 дебат өткізілді

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 05:31

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында екі түнде праймериз аясында 47 жария пікірсайыс өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған дебаттар партия филиалдарының ресми акаунттарында тікелей эфирде көрсетілуде. Өңірде ерекше ұйымдастырылған пікірсайыстың бірі ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы 1000 орындық амифитеатрда өткізілген іс-шараны айтуға болады. Праймериз ережесіне сәйкес Түркістан облысында 17-28 тамыз аралығында кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл аралықта барлық аудан, қалаларда праймеризге 1144 кандидат тіркелген. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы тарапынан дауыс беруге және дебаттарды өткізуге арналған 209 орын белгілеген болатын. Оның 128-і мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар болса, 58-і мейрамханалар мен жеке кәсіпкерлік нысандары, 23-і жеке үйлер мен спорт ғимараттары саналады. Алдағы 1-3 қазан аралығындағы үміткерлерге дауыс беруге «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филалының 80 мыңнан астам мүшесі қатысады деп жоспарлануда. Олар 245 бастауыш партия ұйымына бекітілген.

















Жоғары қарай