Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Полицияға жалған арыз жазған Өскемен тұрғыны істі болды

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 18:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жалған арыз жазған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан ер адам 28 жастағы танысының жалдамалы пәтерде ұялы телефоны мен ноутбугін ұрлап кеткенін жеткізген.

«Алайда сотқа дейінгі тексеру барысында арызданушының сол танысымен бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін, өзі ұялы телефоны мен ноутбугін 50 мың теңгеге ломбардқа салып, қаражатты арақ алуға жұмсағаны анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 419-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай