Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Полиция қызметкерлері кішкентай екі ақтөбеліктің тілегін орындады

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 06:36

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Екатерина мен Глеб Фатеевтер Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің музейіне барып, Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік полицейлер екі оқушыға арнап, мұражай мен Жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырды.

«Менің кіші қызым Екатерина 7 жаста, ал ұлым Глеб 10 жаста. Қызым полиция қызметкерлерін көрген кезде қатты қызығып, олардың жұмысына тамсана қарайтын. Олармен таныстыруды, жұмыс орнын көрсетуді сұрады. Өтінішін құқық қорғаушыларға жеткіздім. Олар бірден келісім беріп, бүгін кездесу сәті түсті», - дейді Елена Фатеева.





Полиция департаментінің мұражай меңгерушісі Айша Өтеулина Елизавета мен Глебке қызықты экскурсия өткізді. Ол мұражайда сақталған сирек кездесетін экспонаттарды көрсетті, өткен ғасырдағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиын да қажырлы жұмысы және қазіргі заманғы полиция қызметкерлері туралы айтып берді. Глеб атыс қаруы мен суық қаруы бар стендке үлкен қызығушылық танытты. Алғыс ретінде Елизавета полиция туралы өлеңдерін оқыды, ал Глеб скрипкада «Ақсиса» композициясын орындады. Одан әрі балалар Жедел басқару орталығына барды. Олар бейнебақылау камераларының жұмысын өз көзімен көрді.

Қызықты экскурсия соңында полицейлер балаларға үстел ойындарын табыс етті.

«Маған экскурсия өте ұнады. Әсіресе музейде көптеген қызықты экспонаттар бар. Сондай-ақ экранда камералардың көмегімен менің музыкалық мектебімді көрдім. Мен өскенде патрульдік полиция қызметкері болғым келеді», - деді Глеб Фатеев.








Жоғары қарай