Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Полиция қызметкеріне қол көтеріп, балағаттаған заңгерлер ұсталды

2020 жылдың 9 сәуір 2020 21:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық заңгерлер алқасының мүшесі полиция қызметкеріне мас күйінде қол көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Nissan Qashqai» маркалы көлікті патрульдік полиция қызметкерлері Шаляпин көшесінің бойында байқады. Жеңіл көлік тоқтатылды. Алайда оның ішінде отырған екі ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қарсылық білдірді.


«29 жастағы жүргізуші мас болған. Ол тәртіп сақшыларын балағаттады. Ал қасындағы 1986 жылы туған оның жолаушысы патрульге қарсы күш қолданды. Полицияны басымен ұрды. Күдікті дереу ұсталды. Оған қатысты, қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы – билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану туралы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жүргізуші – Ж.есімді тұрғынға қатысты ҚР ӘҚбК-і 590-баптың 2-бөлімі, 612 баптың 1 бөлімі, 613 баптың 4-бөлімі, 476-баптың 6-бөлімі бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылды, материалдар сотқа жіберілді. Көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік Полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Полиция қызметекеріне шабуыл жасаған адам – онжылдық тәжірибесі бар Алматы қаласының заңгерлер алқасының белсенді мүшесі екені анықталды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Алматы,
Жоғары қарай