Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Полиция астаналық көлік жүргізушілерге үндеу жасады

2021 жылдың 25 қараша 2021 09:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болу керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Қар толассыз жауғандықтан арнайы техника елорда көшелерін тазалау үшін тәуліктік режимен жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерді көлігін жол бойында қаңтармауға шақырамыз. Бұл қар күреу жұмыстары мен қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді.

Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық пен және қауіпсіз қашықтық режимін сақтаңыз», -деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция тұрғындарға қаладан алыстап шықпауға кеңес беріп отыр.

«Қала ішінде де діттеген жерге баратын маршрутты алдын ала жоспарлап, қозғалыс жолағын кенет ауыстырмау, аяқ астынан тежегіш баспау маңызды. Боран мен көктайғақ кезінде қозғалыс тәуекелі артады.

Жаяу жүргіншілерге де өте мұқият болу керек. Жолдан өткен кезде гаджеттерге үңілмей, құлаққапты алып, айналаға назар салу қажет. Сондай-ақ қызмет көрсететін компаниялар өкілдеріне тұрғын үй кешендерінің ауласын қардан тазалау жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру қажет екенін ескертеміз», - делінген департаменттің мәліметінде.


Жоғары қарай