Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пневмония мен коронавирустан 34 сырқат көз жұмды

2021 жылдың 30 қазан 2021 10:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 28 қазан күні Қазақстан аумағында 26 адам - коронавирустан, тағы 8 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласы мен Павлодар облысында - 4 науқастан.

Алматы облысында - 3, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды, Ақмола облыстарында - 2, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Қазақстанның барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ


Жоғары қарай