Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Питер Буриан Еуропалық кеңес Басшысының Қасым-Жомарт Тоқаевқа хатын жеткізді

2021 жылдың 9 маусым 2021 09:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда үш күндік сапармен жүрген Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан Еуропалық кеңес Басшысы Шарль Мишельдің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған хатын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуропалық кеңестің Басшысы Шарль Мишельдің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатын алып келдім. Бұл хатта Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға баға берілген», - деді Питер Буриан сейсенбі күні журналистермен болған кездесуде.

Еуропалық кеңестің Басшысы өз хатында Қазақстанның да, Еуропалық одақтың да өркендеу жолындағы бірлескен жұмысқа өзгеріссіз бейілін білдіреді.

«Онда ортақ құндылықтар негізінде ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігіміз мәлімделеді. Шарль Мишель кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісім (Қазақстан мен ЕО арасындағы – ред.) біздің қарым-қатынасымызды дамыту үшін берік негіз құрғанын қуаттайды», - деп атап өтті жоғары дәрежелі еуропалық дипломат.




«Хатта Қазақстанның өңірлік көшбасшылығына және Еуропалық одақтың өңірлік сын-қатерлерді, соның ішінде Ауғанстандағы қақтығысты реттеуді бірлесіп шешуге дайындығына баға берілген», - деді ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі.

Спикердің айтуынша, хатта Еуропалық кеңестің Басшысы Шарль Мишельдің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Брюссельге шақыруы да бар.

Айта кетейік, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Қазақстанға сапарының бағдарламасында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен, ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхановпен, Парламент депутаттарымен және бизнес өкілдерімен кездесулері бар.

















Жоғары қарай